Әскер қатарына шақыртылған 35 азамат Ақтау қаласының теңіз жаяу бригадасына қызмет етуге аттанып кетті. Оларды туған туыстары мен ата-аналары қорғаныс істері департаментінің қалалық жинақ бекетінен салтанатты түрде шығарып салды.
Азаматтар әскерге аттанбас бұрын психологиялық, медициналық тексеруден өтті. Қалалық қорғаныс істері департаментінің бастығы полковник Әбдіғабит Шегебаев сарбаздарға сәттілік тілеп, әскери қызметті абыроймен атқаруды тіледі.
ӘБДІҒАБИТ ШЕГЕБАЕВ - ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ - ПОЛКОВНИК
12 ай мерзімде әскери міндеттеріңді аман-есен оырндап, міндеттеріңді атқарып қайтыңдар. Ата-аналардың мақсаты баламды аман-есен өзінің міндетін атқарып келсе екен деп тілейді. Сол үшіната-анаға аман-есен орала беріңіздер.
Қалыптасқан дәстүр бойынша «Қарулы күштер ардагерлері» қалалық кеңесінің төрағасы отставкадағы полковник Серікбай Оңбаев сөз сөйледі. Ол әрбір ер адамның өмірінде мерзімді әскери қызмет өткерудің маңыздылығын атап өтті.
СЕРІКБАЙ ОҢБАЕВ - «ҚАРУЛЫ КҮШТЕР АРДАГЕРЛЕРІ» ҚАЛАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ - ОТСТАВКАДАҒЫ ПОЛКОВНИК
ҚАзіргі таңда үкімет тарапынан барлық жағдайлар жасалынып жатыр. Сондықтан ақ жол дейміз. Тек қана жақсылық тілеп 12 айлары 12 күндей өте шықсын дейміз. Сондықтан аман барып сау қайтыңдар азаматтар.
Азаматтарды әскерге қатарына қабылдау желтоқсан айына дейін жалғасады.