Интелектуалды қылмыстармен күрес – басым бағыттардың бірі. Осылай деген тергеп-тексеру департаментінің штаб басшысы крипто қылмыстардың белең алып, саны артып баратынын айтады. Заман дамып, технологиялардың жетілуі интелектуалды қылмыстарға жол ашып, мүмкіндік жасап отыр. Онымен қалай күрес жүргізуге болады? Крипто валюта дегеніміз не? Одан келер қауіп қандай? Қанат Жолдасбек айтып береді.
Криптовалюта дегеніміз — шифрландырылған ақшаның сандық электронды нұсқасы. Оның пайдасы да зияны шаш етектен. Мәселен, криптоқаржы транзакцияларды тіркеп, инвестиция құралы ретінде жүйелі қызмет атқара алады. Бірақ, арам ниеттілер оны ақша жымқыру құралы ретінде пайдаланып, жымысқы ойын іске асырғысы келеді. Өйткені, криптовалюталар банктер мен қаржы мекемелерінен тәуелсіз жұмыс істейді. Осы арқылы ел ақшасын шетел асырып жіберуге ынталанатындар бар. Жауаптылар, қауіптің алдын алып, жолын кесу мақсатында жүйелі жұмыс жасап келеді.
ДӘУРЕН ТҰРҒЫНБАЙ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ШТАБ БАСШЫСЫ
- « Біз әлі күнге Контрофакт сияқты орта белдегі қылмыстармен жүрміз да негізгі қылмыстар осы криптовалюта, блокчейнк саласында жасалып жатыр.» «Барлық леголизация крипто арқылы өтіп жатыр. Біз арнайы қаржылық ізкесуші жобасын жасап жатырмыз.» - 01:43, 01:56 – «Криптомен айналысқан Шымкент қаласының азаматтары сотты болды. 288 млн теңге мемлекетке қайтарылды.» - 02:06 // 554_2322 //
Перизат Нұрбаева – артық ақшасын криптовалютаға айналдырып сақтайды. Онысын пайдалы деп есептейтін журналист, нарық заманында цифрлық технологияларды меңгеру, жұмыс принциптерін жіті білу аса маңызды, - дейді. Мәселен, криптовалюта саналатын биткоин он жыл бұрын 300 долларға бағаланса, қазір оның бағасы еселеп өскен. 30 мың долларға жетіп жығылады.
ПЕРИЗАТ НҰРБАЕВА, ЖУРНАЛИСТ
– «Иә, мен криптовалютаны қолданамын. Пайдасын да көріпа келе жатырмын. Мен алдын ала сатып алып қоямын, ол менің болшағыма инвистиция. Ал кері тараптарын меніңше мемлекет бақылауына алуы керек деп ойлаймын» - 00:40 // C2233 //
Иә, технологиялар көз ілеспес жылдамдықпен жетілген 21 ғасырда криптовалютаның әкелер пайдасы мол. Бірақ, солай екен деп те көзсіз тәуекел жасауға болмайды. Әуелі аталған нарықты жан-жақты зерттеп, сауатты түсінік қалыптастырған абзал, - дейді сарапшылар.