Бадам өзені бойындағы қауіпті аймақтар азайды. Биыл 20-дан астам аймақта бетондау жұмыстары жүргізіліп, өзен арнасы кеңейтілген. Сондай-ақ жағалаудағы тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін көпірлер салынып, пайдалануға берілуде.
Бастауын Қаржантау жотасынан алатын Бадам өзені Шымкенттің 48 шақырымын басып өтеді. Өзен бойындағы құрылыс жұмыстарының нәтижесінде, елді мекендерге төнетін қауіп сейіліп, судың сыйымдылығы едәуір есеге дейін артады деп күтілуде.
Биыл өзен бойындағы 20-дан астам аймақта бетондау жұмыстары жүргізіліп, арнасы кеңейген. Сондай-ақ жағалаудағы тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін көпірлер салынып, пайдалануға берілуде. Соның бірі Игілік елді мекеніндегі аспалы көпір. Ұзындығы 66 метерге созылған өткелді мердігер мекеме өз қаражаты есебінен орнатып беріпті.
Өзен бойындағы құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Бұл ретте, тұрғындар әлі де қауіпті аймақтардың барын алға тартып отыр. Оларға зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Әбілхайыр Оңғар жеткізді.