Отшашудан опық жеп қалмаңыз! Қауіпсіздікті өзіңізден бастап, жақын-туысыңызға қамқор болыңыз. Шымкенттік құтқарушылар осылай деп отыр. Қоғамдық орындарда тәртіп сақтап, халық көп шоғырланатын жерлердегі мерекені қауіпсіз қарсы алудың тиімді тәсілдерін айтты.
Жаңа жылды отшашусыз елестеті мүмкін емес. Ескі жылды есіркей отырып, жаңа жылдан жарылқау күтетіндер жарылғыш заттарға құмар-ақ. Бірақ осындай көңілді сәттердің бәрі қуанышпен аяқтала бермейтіні тағы бар. Отшашудан опық жеп, пирототехникадан зардап шегудің алдын алмағымыз лазым.
Мамандар отшашуларды кез-келген жерден сатып алып, аула ішінде атуға рұқсат жоқ деп отыр. Сертификатталған өнімді таңдап, ашық алаңда дабыл соқққан жақсы. Сондай-ақ мектеп жанындағы музыкалық ән-кештерге қатысты қауіпсіздік те қатаң.
Екі немесе одан да көп қабатты сауда орталықтарында пиротехникалық бөлімдер тек жоғарғы қабаттарда орналастырылуы тиіс және эвакуациялық шығу жолдарына жақын болмауы қажет. Сонымен қатар, мұндай нүктелер міндетті түрде өртке қарсы дабыл жүйелерімен, алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуы керек. Өнімдер жылу жүйесінің кез келген аспабынан кемінде 0,5 метр қашықтықта сақталуы қажет, ал сауда үй-жайлары адамдардың эвакуациясына кедергі келтірмеуі тиіс. Бұл шаралар тұрғындардың мерекені қауіпсіз және жайлы жағдайда атап өтуін қамтамасыз етуге бағытталған.