2025 жылдың 29 қазаны мен 5 қарашасы аралығында kezekte.kz порталында әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін қайтарымсыз гранттарға өтінім қабылдау басталады.


Өтінімді әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері тізіліміне тіркелген кәсіпкерлер және «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері бере алады. Өтінім беру тәртібі мынадай: Алдымен ЭЦҚ арқылы «kezekte.kz» электронды порталына тіркеліңіз. Одан кейін пайдаланушы келісіміне қол қойып, бизнес-жоспар үлгісін жасап, өтінім жіберіңіз. Мемлекеттік грант тауар шығару немесе қызмет көрсетуге қажет негізгі құралдарды, шикізат пен материалдар сатып алу мақсатында беріледі. Көмек арқылы материалдық емес активтерді, технология, кешенді кәсіпкерлік лицензияға сатып алуға болады. Грант иегерлерін комиссия мүшелері іріктейді. Үміткер жобасын осы комиссия алдында қорғайды. Бағалау критерийлері: Комиссия шешімі порталдағы жеке кабинетке жіберіледі. Жоба қолдау тапса, келісім-шарт жасалып, қаражат кәсіпкердің есеп шотына аударылады.