130-дан аса жүргізуші жол ережелерін бұзды. Түркістандық полицейлер өңір аумағында рейд жүргізіп, тиісті талаптарды орындамаған автокөлік иелерін жауапкершілікке тартты. Профилактикалық іс-шара облыстың 12 ауданында өткізілді.
Рейдке Түркістан облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы мен патрульдік полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Тексеріс нәтижесінде жол қозғалысы қауіпсіздігін бұзған 139 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 20-дан аса автокөлік мамандандырылған айыптұраққа қойылды. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, мұндай рейдтік және профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде жалғасып отырады. Негізгі мақсат – жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алып, жауапкершілік деңгейін арттыру.