Президент Жолдауында белгіленген басымдықтар қоғамның барлық саласын қамтыды. Солардың бірі – ауылдық өңірлердің әлеуетін күшейту, ауыл экономикасын әртараптандыру және тұрғындардың өмір сапасын арттыру. Осы бағытта «Ауыл» партиясы жүйелі түрде нақты жобаларды жүзеге асырып келеді.
Партияның Шымкент қалалық филиалы бұл бастамаларды жергілікті деңгейде ілгерілетіп, ауыл мен қала арасындағы байланыс пен ынтымақтастықты күшейтуді көздейді. Негізгі мақсат – ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті дамыту, жастарды қолдау, ауыл өнімдерінің нарықтағы орнын кеңейту және еңбек адамдарының мәртебесін көтеру.
Сондай жобалардың бірі – «Ауыл фест». Бұл бастама ауыл шаруашылығы өнімдерін насихаттау, жергілікті өндірушілерге қолдау көрсету және ауыл өмірін жаңа деңгейде танытуға бағытталған. Фестивальде өңір фермерлерінің еңбегі, ұлттық тағамдар мен қолөнер бұйымдары, ауыл мәдениетін бейнелейтін көрмелер мен концерттер ұсынылады.
Жоба ауыл еңбеккерлерінің еңбегін бағалап қана қоймай, олардың өнімін қала тұрғындарына тікелей жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жастарды кәсіпке баулу, ауыл өмірінің тартымдылығын арттыру және ауыл мен қала арасындағы экономикалық серіктестікті нығайту – «Ауыл фесттің» негізгі мақсатының бірі.
Партияның бастамалары ел Президенті айқындаған ұлттық даму стратегиясымен үндес. Әрбір ауылдың дамуы – мемлекеттің тұрақтылығы мен халқының әл-ауқатының кепілі. Осы бағыттағы жобалар қоғамның белсенді қатысуымен жүзеге асып, ауыл мен елдің жаңаруына серпін беруде.