Биыл Түркістан қалалық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясының 3 отырысы өтіп, 5 өзекті мәселе қаралған. Сонымен қатар, депутаттар 20-дан астам құрылыс нысандарына мониторинг жүргізіп, 4 сала бойынша кешенді талдау жасаған. Бұл туралы брифинг алаңында Түркістан қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев мәлім етті.


 Төраға депутаттардың халықпен тұрақты кездесулер өткізіп, жеке қабылдауларда айтылған мәселелердің шешімін табу үшін тиісті органдарға хаттар жолдап, олардың орындалуы тұрақты бақылауда екенін жеткізді. Өкілді билік органдары мен партияның бірлескен жұмысының нәтижесінде өңірде бірқатар маңызды жобалар іске асырылуда.


 ҒАППАР СӘРСЕНБАЕВ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ

Қалалық мәслихаттың 6 сессиясы өткізілді. 17 комиссия отырысы өткізіліп, қаралған мәселелер бойынша 16 шешім қабылданды. Қабылданған шешімдер қаланың негізгі әлеуметтік көрсеткіштерінің қарқынын қамтамасыз ету, әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, коммуналдық шаруашылықты қамтамасыз ету, жастар арасында құқықбұзушылықтардың алдын алу бағыттарын қамтып отыр


 Қазіргі таңда 250 мыңнан астам тұрғыны бар Түркістан қалалық мәслихатының құрамында 17 депутат бар, оның 16-сы – «AMANAT» партиясының мүшесі. Мәслихат жанында 4 тұрақты комиссия жұмыс істейді.