Ордабасы ауданында спорт ардагері Бейсен Айнабек Ұзақбайұлының жүлдесіне арналған бокстан қыздар арасындағы Түркістан облысы чемпионаты өтуде. Жарысқа өңірдің барлық аудан-қалаларынан 15 команда, 200-ге жуық былғары қолғап шебері келген.


 Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсіміне Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Ильяс Тұрниязов, сондай-ақ қазақ боксының даңқты өкілдері – Нұржан Сманов, Қанатбек Шағатаев, Біржан Жақыпов және Қайрат Ералиев арнайы қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.


 МҰҚЛИМА ЕРМЕКҚЫЗЫ, СПОРТШЫ

Осы бокстан әлем чемпионы болып, биік шыңдарға шыққым келеді. Мақсатым Олимпиада чемпионы болу. Бірінші айналымда жалпы 4 адаммен кездесемін, 48 келі салмақта.


 Айта кетейік, біріншілікте топ жарған үздік боксшылар ел чемпионатында Түркістан облысының намысын қорғайды. Облыстық сайыс 19–24 қазан күндері аралығында өтуде.