Құрбан ата – осыдан 5 ғасыр бұрын өмір сүрсе де өсиеті бүгінгі күнге дейін жеткен. Елге сіңірген еңбектері мен ерекше қасиеттерінің арқасында  «Құрбан ата әулие» - деп аталып кеткен. Бүгінде Халыққа істеген жақсылықтары ел ішінде аңыз болып айтылып, ұрпақтарға насихатталуда.

 Ілесбек Байжанов – Құрбан атаның ұрпағы

 Наурыз мейрамында Ұмыт болып бара жатқан ұлттық құндылықтар бұл мерекеде кеңінен көрініс тапты. Балаларды бесікке салып, тұсау кесер рәсімі өтті. Ұлттық спорт ұлықталып арқан тару, кір тасын көтеру, қол күрес спортынан жарыс ұйымдастырылып жеңімпаздар алғыс хат пен бағалы сыйлықтарға ие болды.

 Ғазиз Қожахметов – Құрбан атаның ұрпағы

 Отырар ауданындағы Арыстан баб кесенесі жанына  Құрбан ата күмбезді сағана орнатылған. Жыл сайын наурыз мейрамы қарсаңында Құрбан  атадан тараған ұрпақтары түгел жиылып ас беруді дәстүрге айналдырған.

Н. Күзербаев