Шымкенттіктер кез-келген орында құқықтық, заңдық кеңес ала алады. Өйткені құзырлы орган қызметкерлері «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында көшпелі қабылдау ұйымдастырып келеді. Мәселен, кеше «Плаза» ойын-сауық орталығына келген тұрғындарға арнап іс-шара өтізді. Онда келушілер тиісті мамандарға жүгініп, өзін толғандырған сауалдарға жауап алды.
Көшпелі қабылдау бес күні бойы қаланың бес ауданында жүргізіледі. Тұрғындар мамандарға кез-келген сала бойынша сұрақ қойып, жауап алуға құқылы.
МАРАТ ЕРЖАН, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Заң түсіндіреміз. Осындай іс-шаралар апта бойы прокуротура, құқық қорғау органдарымен және де құзырлы әкімшілік органдармен бірге жүргізілетін болады.»
Құрал Байдалиев ауыл шаруашылығымен айналысады. Жиынға сала мүмкіндіктері мен оған көрсетілетін қолдау жайынан хабардар болып, ақпарат алуға келген. Айтуынша мамандар қажетті мәліметтермен бөлісіп, керекті кеңестерді берген.
ҚҰРАЛ БАЙДАЛИЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
«Мал асырасаң, қой асырасаң 4 мың теңгеден береді. Асыл тұқымды болса 20 мың теңгеден береді.»«Менің айтайын дегенім осы еді. Оны қалай алу керек? Қандай құжаттар тапсыру керек?»
Тұрғындар мамандарға көбіне-көп жер, отбасылық жаншал, алаяқтық фактілері негізінде жүгінеді. Құзырлы орган қызметкерлері шағымданушыға тиісті кеңес беріп, жөн сілтейді. Егер мәселе ушығып тұрса, мамандар келушінің арыз-талабын жазып алып, соның негізінде жұмыс істейді.
ЗАМАНБЕК АСЛАНБЕК, ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ
«Осы жерде шешілмейтін мәселе болып жатса арызын жаздырып алып, өзімізге тіркеп. Әрі қарай жұмыс істеуге мүмкіндігіміз бар.»
НҰРТӨРЕ ҚАЛДЫБАЕВ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ПРЕВЕНЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Проактивті көмектесіп жүреміз. Мемелекеттік мекемеге азаматтардың жазылып келуі керек емес. Ойын-сауық орталығына демалуға келіп сонымен бір қатарда құқықтық кеңес алып кетеді.»
Айта кетейік 23 маусым күні басталған көшпелі қабылдау 27 маусымға дейін жалғасады. Қала тұрғындары мамандарға кез-келген құқықтық сауалдарын жолдап, жеке кеңес ала-алады.