«Алмуша» өнер мектебі 4 жылдық есеп беру кешін өткізді. Оған халықаралық және республикалық деңгейде жеңіске жеткен әрі осы орталықтағы үйірмелерге тегін қатысып жүрген 200-ге жуық шәкірт қатысты. Олар әннен шашу шашып, мың бұрала биледі. Жас өнерпаздардың шығармашылығын арнаның түсірілім тобы да көріп қайтқан болатын. Сюжеттен тамашалайық.
Өнер мектебі «Бозарық» елді мекенінде іргелес жатқан аймақтың балаларын тегін үйірмемен қамту мақсатында 2021 жылы ашылған. Содан бері мұнда келушілердің қатары көп. Оқушылар хореография, ән, көркем сурет үйірмелеріне «Арт спорт даму бала» бағдарламасы арқылы тегін қатыса алады. Қазіргі таңда мұнда 200-ден астам бала бар.
САЙЛАУ АЙЫМБЕТОВ, «АЛМУША» ӨНЕР МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Есеп беру кешінде мектептің барлық шәкірттері өнер көрсетті. Бишілер дәстүрлі және әртүрлі этностың биін билеп қана қоймай, Шәмші Қалдаяқовтың балладаларын орындады. Әсересе, үнді, қазақ, өзбек және «Стюардессалар» биі көрерменнің жүрегінен жол тапты.
БАЛНҰР МҰХАН, ХОРЕОГРАФИЯ ЖЕТЕКШІСІ
Әрбір бала – өнерге деген махаббатын жүрегімен жеткізіп, көрермендерге шынайы эмоция сыйлады. «Балалар өнері мен ұстаздардың еңбегі – ел болашағының жарқын көрінісі. Осындай игі бастамалар жас таланттарды қанаттандырып, мәдениетіміздің өркендеуіне серпін береді» - дейді ата-аналар.
ЖІБЕК ҚЫЛЫШБАЕВА, АТА-АНА
Іс-шара соңында жас өнерпаздар марапатталып, сыйлықтар табысталды. Балалардың шынайы толқынысы мен талпынысы болашаққа деген сенімді қадамдарын еселей түспек.