Шымкент гарнизонында сарбаздар ант қабылдады. Мегаполистегі 10216 әскери бөлімінің саптық алаңында салтанатты шара ұйымдастырылды. Көктемгі шақырылымның 35 сарбазы әскери ант қабылдау рәсімінен өтті. Оларды командирлер, қызметтестері, туыстары мен достары қолдап келді.
Іс-шараның шымылдығын түрген әскери бөлім командирі,Дәулетбек Қоғабаев сарбаздарға арнаған құттықтау сөзінде анттың маңыздылығына тоқталды. Бұл нағыз жауынгерлік жолдың бастауы екенін атап өтті. Қолдарына қару ұстап, әскери дәстүрге сай өткен салтанатты рәсімде сарбаздар Отанға адал қызмет етуге серт берді. Ант қабылдаған сарбаздардың бірі, қатардағы жауынгер Нұрасыл Айдар өз әсерімен бөлісті.
НҰРАСЫЛ АЙДАР, ҚАТАРДАҒЫ ЖАУЫНГЕР
Әскери ант қабылдадым
Ант қаблдау рәсіміне келген ата-аналар мен меймандарға әскери жаттығу ойыны көрсетілді. Сарбаздар шабуыл мен жекпе-жек ұрыстың үлгісін көрсетті.
Жас сарбаздар бір айдың ішінде көп нәрсені үйренген. Жаңа ұжыммен тіл табысып, атыс полигонына да барған. Алда – әскери мамандықты меңгеру, жаттығулар мен нағыз жауынгерлік өмір басталады. Салтанатты іс-шара жауынгерлік Ту ұстаушылар тобы бастаған салтанатты саптық шерумен аяқталды.