ҚР ІІМ Ұлттық Ұланның 6506 әскери бөлімі тілшілерді марапаттады. БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесіне орай концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Журналистерге арнайы пресс-тур ұйымдастырып, әскери бөлімнің жұмысымен таныстырды. Мерекеде мерейі тасығандармен тілшілер тілдесіп қайтты.


Әскери бөлімнің қым-қуыт жұмысы кімге болмасын қызық. Қару-жарақпен жұмыс, сарбаздардың тыныс-тіршілігі ерекше насихаттауды қажет етеді. Осы орайда табанды еңбек етіп жүрген тілшілер құрмет төрінен көрінді.


НҰРЛЫБЕК ЕЛЕУСІЗОВ, 6506 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ШТАБ БАСТЫҒЫ

Қазір ақпараттық, әлеуметтік жағдайда өзгерістер көп орын алып отыр. Соның ішінде әскери бөлім туралы, жауынгерлік қызметті ақпарат арқылы насихаттап отырған журналистердің еңбегі ерекше. Соған біз өз атымыздан алғысымызды білдіреміз.


Қалам иесінің жүгі найзадан ауыр. Халық пен биліктің арасына алтын көпір болып, ақ пен қараны қарашаға жеткізіп жүрген журналистер қандай құрметке де лайық. Осы қызметті жоғары бағалағандарға тілшілер де алғысын білдірді.


ГАУХАР АЛДАБЕРГЕНОВА, «АЙҒАҚ» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ТІЛШІСІ

Осылай еңбегіміз бағаланып, бізге құрмет көрсетіп жатыр. сол үшін алғысымызды білдіреміз. Әскери бөлімге жиі түсірілімге келеміз. байқаймыз, ата-аналар балалар қимай жатады. Қуаныштымын, рахмет


Әскери қызметтің ұстанымын насихаттап, жауынгерлік қызметке деген қызығушылықты арттыру бағытындағы ақпараттар толастаған емес. Әскери қызметкерлермен қатар еңбек ету қиын-ақ. Бүгін марапат алған тілшілер сол міндеттің үдесінен шығып келеді.