54 мың азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Жыл сайын шамамен 1000 адамға пәтер кілті табысталып, баспаналы болады.


Кезектің негізсіз жылжып не әділетсіз қозғалуын ойлап алаңдаудың қажеті жоқ, жүйе цифрландырылған. Осылай деген қала әкімінің орынбасары, әкімдіктің ресми өкілі Сәрсен Құранбек кезекті қолдан құбылтып, өзгеріс енгізу мүмкін емесін айтады.


СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ӘКІМДІКТІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ

«Бұрынғыдай қағаз жүзінде болып, ол өзгеріп кетеді дейтін болсақ.. Интернетте сіздің кірген-шыққан ізіңіз қалады. Кім қандай өзгеріс енгізді бәрі тіркеліп қалады.»  «Егер біреу алда-жалда осындай қитұрқұлыққа баратын болса заңмен жазаланады.» 


Ресми өкілдің айтуынша, «Жастар» бағдарламасымен берілген үйлер мемлекетке кері қайтарылады. Ал тапсырылған пәтерлер тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға беріледі.


СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ӘКІМДІКТІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ

«Біз бұл үйлерге жөндеу жұмыстарын жасаймыз да кезекте тұрған 54 мың адамға береміз. Мемлекет немесе Шымкент қаласының әкімдігі мұны өзіне алып қалып, пайдасына жаратпайды. Бізге қажеті жоқ!»