Алимент төлеуден жалтарған азамат бас бостандығынан айырылды. 15 мамырда қалалық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты балаларына алимент төлемей жүрген ер кісіге қатысты үкім шығарды.


Ол 2013 жылы Абай аудандық сотының шешімімен кәмелетке толмаған үш баласын асырап-бағуға міндеттелген. Алайда, 2019 жылдан бері өз міндетін орындамаған. Берешек мөлшері 7 млн теңгеден асқан. Істі жан-жақты қарап, дәлел-дәйекті саралаған сот айыпталушының әрекетін Қылмыстық кодекстің 139-бабына негіздеп, 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.