Шымкент қаласында «Доширак» сауда белгісінің атын заңсыз пайдаланған өнімдер сатылымнан алынды. Шымкент қаласы Әділет департаменті мен қалалық Экономикалық тергеу департаменті бірлесе отырып, атақты брендтің атауын заңсыз қолданған өнімдерді тәркіледі.


АИДА ТАШЕВА:

Мамандардың айтуынша, тәркіленген өнімдерде өндіруші туралы нақты ақпарат көрсетілмеген, сапа және қауіпсіздік сертификаты жоқ. Құқық бұзушыға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 158 бабымен хаттама толтырылып, іс сотқа жолданған. Жалпы Әділет департаменті қызметкерлерімен жыл басынан бері Шымкентте дәл осындай 13 тексеру жұмыстары жүргізіліп, сот қаулысы негізінде заң бұзушыларға жалпы соммасы 479 704 теңгені құрайтын айппұл салынған. Заңсыз айналымнан жалпы соммасы 18 545 703 теңгені құрайтын 30 517 дана контрафактілі өнімдер тәркіленген.