Қалалық Қуыршақ театрының 42-маусымы мәресіне жетті. Биыл қойылған 4 спектакль орыс және қазақ тілдерінде сахналанды. Жабылу маусымын өнер ұжымы театр сахнасын жазушы, драматург Денис Смирновтың «Кірпітайдың тоны» танымдық ертегісімен аяқтады.
Шым-шытырық оқиғаға толы танымдық ертегі желісі бүлдіршіндерді сабырлық пен мейірбандылыққа үндейді. Айналасындағыларға түсіністікпен қарап, өмір жолында кездескен жандардың болмысын тануға үйретеді. Қойылым тамашалауға келген балаларды бір күлдіріп, бір толқытып, ерекше эмоцияға бөледі. Айта кетейік, ертегі премьерасы наурыз айында өткен. Содан бері көрермен ықыласына бөленіп келеді. Алдағы маусымының ашылуы енді қыркүйек айына жоспарланып отыр.
САРДАРБЕК МОЛДАБЕКОВ, «ҚУЫРШАҚ» ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Театр қызметкерлері арқылы өте жоғары деңгейде аяқтап жатырмыз.
Театрдың негізгі қызметінің мақсаты – болашақ балаларымыз бен жасөспірімдерді тәрбиелеу мақсатында балаларды мейірімділікке сабырлыққа және адал болуға досқа берген уәдені берік ұстауға бағытталған.