Шымкент қаласындағы Жоғары кешенді спорт шеберлер мектебінің спорт кешенінде қол добынан қыздар арасында жасөспірімдер, жоғары лига мен суперлига командалары арасында ел чемпионаты басталды.
Қыздар арасындағы қол добы сайысына еліміздің дамушы 8 өңірінің командасы қатысып отыр. Басты жүлдеге таласатын командалар қатарында Қызылорда облысы мен жарысты өткізуші алаң иелері Шымкент қаласының ару қыздары. Жарыстың ашылу рәсімі кезінде қол добынан Қазақстан Республикасы Гандбол федерациясының вице-президенті Садық Мұстафаев сөз сөйлеп, сәттілік тіледі. Жасөспірімдер арасындағы чемпионат аясында әйелдер арасында жоғары лига және суперлига командалары арасында тартысты кездесулер өтіп жатыр. Екі команда арасында да Шымқаланың намысын ойын түрлерінен спорттық клубтың командалары қорғауда. Әзірге қыздарымыздың қадамдары қуантады. Чемпиондар алдағы ойындардың нәтижесінен кейін анықталады.