Сарыағаштық бітіруші түлектер жарап тұр. Биылғы оқу жылын табысты аяқтап, ҰБТ-дан жоғары нәтижеге қол жеткізген, шет мемлекеттердің ЖОО-ның тегін білім алуға жолдама алған оқушылар марапатталды. Жүзден жүйрік атанған SHALKAR SCHOOL зияткерлік мектебі түлектерінің қуанышына куә болып қайтқан тілшіміздің бейнематериалында толығырақ....
Бұл білім ордасының оқу сапасы жылдан жылға артып келеді. Ұстаздар мен оқушылардың тынымсыз еңбегі нәтижесінде биыл мектеп бітіріп жатқан 67 баланың тең жартысы жоғары нәтижелерге қол жеткізген.
МАРЖАН ОРАЗОВА, SHALKAR SCHOOL ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Мектебімізде ҰБТ саласында ұлттық тест орталығының базасы бойынша оқу кітаптарды барынша қолдан келгенше балаларды білім нәрімен сусындатып,жоғары жетістікке жеткізу. Бізде басты талап-тәртіп. Бауыржан атамыз айтпақшы, тәртіпке бас иген құл болмайды. Тәртіп болған жерде білім болады.Білім алған бала жоғары нәтижеге жетеді.
Шалқар мектебі – дарынды жастардың ордасына айналған. Мұны шалғай жатқан жерлерден ағылып келетін білімгерлердің ата-аналары растайды.
СӘУЛЕ САДЫБЕКОВА, АТА-АНА
Балаға жақсы тәлім-тәрбие мектептердің бірі деп ойлаймын. Менің немерем М.Ғабдуллин мектебінен келген. Осы жерде 10-сыныптан бастап оқыды 2 жыл.
Бұл Шалқар мектебінің ұстаздары арқасында, алғысым шексіз. Бәрібір осындай нәтижеге қол жеткізіп отырғаны ұстаздардың арқасы
Жалпы мектеп мақтанышына айналған түлектер аз емес. Бітірушілер биыл Ұлттық Біріңғай тестілеу нәтижесі бойынша 100-ден 129 баллға дейін жоғары ұпайлар жинаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда едәуір көп. Сондай-ақ, 19-ы «Алтын белгіге» үміткер, 18 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанған. Ал ағылшын тілінен деңгейі жоғары 2 оқушы Малайзия еліндегі белді ЖОО-дарының тегін білім гранттарын ұтып алды.