Өткен аптада 1 мамыр көшесіндегі тұрғын үй өртенген еді. Салдарынан 1 азамат ажал құшып, 19 пәтердің 11-і зақымданған. Баспанасынан айырылған олар далада қалып, туған-туыс жағалап кеткен болатын. Мәселеге бей-жай қарамаған қала билігі оқиға орнына арнайы барып, тұрғындармен тілдесті.
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
18 маусым, шамамен 4:30-дар шамасы. 1 мамыр көшесінде орналасқан 2 қабатты тұрғын үй азаматтары шырт ұйқыда жатқан. Кенет қызыл жалын шарпып, тәтті ұйқыдан шошына ояндық дейді олар. Өкінішке қарай зардап шегіп, ажал құшқан азамат бар. Ал пәтердің төбесі ойылып, мұндағы заттардың іске жарамдысы, саутамдығы қалмаған.»
Өрт сөндіру және барлау жұмыстары барысында пәтерлердің бірінен 1959 жылы туған азаматтың мәйіті табылды. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда. Аталған факті бойынша Шымкент қаласы Тұран аудандық Төтенше жағдайлар басқармасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды, өрт-техникалық сараптама тағайындалды. Қаза тапқан азаматқа қатысты сот-медициналық сараптама бекітілді.
Оқиға орнына барып, тұрғындармен тілдескен қала әкімі Ғабит Сыздықбеков зардап шеккен пәтер иелерінің далада қалмайтынын мәлімдеді. Оларға су жаңа пәтерлер «Шымкент сити» мен «Тұран» шағын аудандарынан берілетін болды.
«Тұрғын: Қанша айдан кейін квартира ала аламыз? Ғ.Сыздықбеков: Қанша айдан кейін емес. Все уже завтра оформляется идти.»
Өрттен зардап шегіп, пәтері күлге айналғандардың бірі Бейсенбек Байбосынов. Екі бөлмелі үйінен айырылған ол немерелерін жетектеп туған-туыс жағалап жүр. Тұрмыстық заттары мен көрпе-төсек, қажет-жарақтары өртеніп, жарамсыз болып қалған. Далада қалмайтынын басқа емес, қала әкіміннен естіген оның көңілі жайланып, төбесі көкке жетіп тұрғандай.
БЕЙСЕНБЕК БАЙБОСЫНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
«Басқа район болсын, басқа жер болсын бізге пана болса болды, далада қалып кетпесек болды. Әкімшілікке көп рақмет айтамын.» «Жаңа сұарғанда ертең-бірісі күні барып этаждарды таңдап аласыңдар деді.»
19 пәтердің 11-і зақымданған. Данияр Ахметжановтың айтуынша пәтер иелері түгел келіссе тұтас тұрғын үй азаматтары реновация бағдарламасы бойынша жаңа қонысқа көшеді. Олай болмаған жағдайда ішкі-сыртқы құрылысы, әрлеу жұмыстары аяқталған су жаңа пәтерлер зардап шеккен тұрғындарға ғана беріледі.
ДАНИЯР АХМЕТЖАНОВ, SHYMKENT ӘҚҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ
«Бізде реновация деген бағдарлама бар. Бұл бағдарлама негізінде 100 пайыз келісім блуы керек. Бұл жерде 5 подиезд бар ғой, үшеуі өртенген екеуі аман қалған.» «Барлық подиезд келіссе аман қалған 8 пәтер де келіссе» «Сол бағдарламаға қосып жаңа районнан пәтер береміз деген ұстанымыз бар»
Ғабит Сыздықбеков тұрғындармен жеке-дара тілдесіп, әрбір сұраққа толыққанды жауап берді. Мәселе заң шеңберінде шешілетінін айтып, әкімдік тарапынан тиісті көмек көрсетілетінін атап өтті.