Облыс аумағында өрт қауіпті кезеңі басталғалы оған қарсы жұмыстар да күшейе түсті. Әкім аппаратының апталық мәжілісінде талқыланған бірқатар мәселенің арасында бұл тақырып та айтылды. Нұралхан Көшеров осы бағыттағы жұмыстарды уақытылы үйлестірмеген, тиісті мәлімет ұсынбаған басшыларға ескерту жасап, тағы тапсырмалар жүктеді.


Өңірде жоспар бойынша орман және дала өрттерінің алдын алу жұмыстары алдын ала бекітілген. 478 елді мекен өртке қарсы минералды жолақ жырту мен жанғыш құрғақ шөптерден мамыр айына дейін тазартылуы тиіс еді. Алайда облыстың кей аумағындағы жолдардың жұмысы кешіктірліп жатқан көрінеді.


НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Орман дала өрттерінің алдын алу және олармен күрес жұмыстарын тұрақты бақылауға ұстауды бағыттауға тапсырамын. Және де басқарма басшыларын өзінің функционалды обязанностьттерін қарап шығыңыздар. Біліктілігінің тех учебасын осы аптада өткізіп, мамандармен өткізіңіздер.


Мәжілісте сөз сөйлеген жауаптылар да тыңдалды. Жоспарға сәйкес, «ҚазАвтоЖол» АҚ-ның облыстық филиалы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 312 шақырымына, ал жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасы маңызы бар 1287 шақырым жолдың бойына минералды жолақ жүргізіп өткен.


АСҚАР ТӨЛЕШОВ, ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ

Облыс аумағында 478 елді мекен жол жиегін өртке қарсы минералды жолақ жырту және құрғақ шөптердің тазалау жөнінде тапсырма берілді. Жоспарларға сәйкес, іс-шаралардың орындалу барысы қажетті деңгейде ұйымдастырылуда.


Өңір басшысы атқарылған жұмыстардың есебін тыңдап, тиісті тапсырмалар берді. Сонымен қатар облыс әкімдігімен 37 маусымдық өрт сөндіру бекеттерін құру жоспары бекітілді. Ал, бүгінде 23 бекет орнатылып үлгеріпті.