«Заң және тәртіп» апталығы аясында ашық есік күні өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті ұйымдастырған іс-шараға жоғары оқу орындары мен колледж студенттері қатысты. Оларға департамент қызметі туралы таныстырылып, ақпарат берілді.
Ашық есік күні аясында қатысушылар департамент қызметімен танысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы бастамалар мен жобалар жайында ақпарат алды. Студенттер үшін арнайы экскурсия ұйымдастырылып, олар тергеу бөлмелері мен заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған кеңселерді көрді.
РАМАЗАН СТАЛ, СТУДЕНТ
Антикор өкілдері жастармен ашық диалог өткізіп, олардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар жастар арасында адалдық пен парасаттылықты насихаттаудың маңыздылығы сөз болды.
НҰРТӨРЕ ҚАЛДЫБАЕВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ ПРЕВЕНЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Іс-шараның мақсаты — болашақ мамандардың құқықтық сауаттылығын арттырып, оларды қоғамда әділдік пен тазалық принциптерін ұстануға ынталандыру.