Түркістан облысы прокуратурасының ұйымдастыруымен тұрғындарға арналған «Халық заңгері» қоғамдық қабылдауы өтті. Шараға жергілікті атқарушы органдар мен уәкілетті мемлекеттік ұйымдардың мамандары қатысып, 30-дан астам азаматтың мәселелері қаралды.
«Халық заңгері» – тұрғындарға тегін әрі қолжетімді құқықтық көмек көрсетуді және олардың құқықтық сауаттылығын арттыруды мақсат ететін бастама. Акция аясында азаматтар прокуратура, полиция және басқа да мемлекеттік органдардың мамандарынан кәсіби құқықтық кеңес пен заң өкілдерінен қажетті құқықтық көмек алды. Азаматтар әсіресе жер дауы, мүлікті заңдастыру сынды мәселелерді көтерді. Сондай-ақ алаяқтарға алданып қалған жағдайда өтемақы талап ету жөнінде сұрап білді. Құқық қорғау саласының қызметкерлері тұрғындарды өз құқығын білуге шақырды. Қандай да бір заңға қайшы әрекетке тап болған жағдайда бірден полицейге жүгіну қажеттілігін ескертті. Алдағы уақытта бұл акцияны тұрақты түрде өткізу жоспарлануда.
МҮСІЛІМ ТӨЛЕБЕКОВ, ПРОКУРОР
Жайсыз отбасылар да көп тіркелген. Олармен біз жеке жұмыс істейміз. Олардың ата-аналарына түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз.