Түркістандық полицейлер пиротехникалық өнімдерді қауіпсіз пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Өңірде “Пиротехника” жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылып, тәртіп сақшылары сауда орындарына арнайы барды. Шараның негізгі мақсаты – заңсыз айналымдағы және сапасы төмен пиротехникалық бұйымдарды анықтап, жарақат алу қаупін болдырмау.

 Осы мақсатта тәртіп сақшылары пиротехника сатылатын орындарды аралап, талапқа сай емес өнімдерді тәркілеу және құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын атқарды. Полиция өкілдері тұрғындарға қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңыздылығын еске салады. Пиротехниканы қолдану бойынша негізгі кеңестерді ұсынды. Олар: өнімді тек рұқсат етілген сауда нүктелерінен алу, қолданар алдында нұсқаулығын толық оқып шығу, балалардың пиротехниканы өздігінен қолдануына жол бермеу. Ең бастысы- қолдан жасалған бұйымдарды сатып алмаңыз, - дейді полицейлер.