Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда «Тәуелсіз» есімді 2, «Бостандық» атты 83, «Егемен» есімді 25 адам бар екен. Сол Егеменнің бірі – Түркістанның тумасы. Небәрі 8 айлық сәби.


Егемен енді ғана еңбектеп жүр. Қимылы ширақ, айналасын тануға бейім. Әлі жасқа толмаса да, «ана, аға» деп былдырлайтын көрінеді. Егеменнің есімі оған ерен, тәуелсіз, еркін болсын деген ниетпен қойылған. Аты «салмақты» болған соң, еркелетіп атау қиындау дейді – ата-анасы. Әзірге Егемен есімді бала Түркістан облысында жалғыз.


 АИДА ЖАХАНҚЫЗЫ, АНАСЫ
Мама, папа, ағасын айтады қазірден бастап. Өте көп ерекше есім екен деп таң қалып, қызығып қарайтындар бар. Өзі де барлық адамға жатырқамай күліп қарайды. Өзі де ерекше, есімі де ерекше.


 ЕРНАР ҚАЛДЫБЕКҰЛЫ, ӘКЕСІ
Еркелетуге келгенде сәл қиналамыз. Айтөре мен Ясминаны еркелетеміз. Негізі қысқартқан кезде сол кішкентайлар қалай атайды, солай кетіп қалады ғой. Ал Егеменге келген кезде толық айтады, еркелету деген жоқ. «Егемен» деп айтамыз.