Түркістанда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы қарқынды жүзеге асырылып келеді. Бастама аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті «Парасат» саябағына тал отырғызды. Шара халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылды.
Елімізде Президенттің тапсырмасына сәйкес «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022–2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы» қабылданған. Осы тұжырымдамаға сәйкес бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлықты төмендету факторы ретінде мемлекеттік қызмет көрсету түрлеріне цифрландыру жүйесі енгізілуде. Бұл жүйе қызмет көрсетудің ашықтығын қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға септігін тигізуде.
АБЫЛАЙХАН ДАҒЫСТАНҰЛЫ, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫ
Елімізде Президенттің тапсырмасына сәйкес «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022–2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы» қабылданған.
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнін ағаш отырғызу арқылы атап өту – үлкен символдық мәнге ие. Себебі жемқорлыққа қарсы күрес те дәл осы табиғат сияқты – табандылықты, тазалықты және жаңаруды талап етеді. «Ағаш отырғызу арқылы біз қоғамдағы жаңаруға деген ұмтылысты бекітіп, келешек ұрпаққа аманат қалдырамыз», – деді.
НҰРАЛЫ ӘБІШ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ
Осы тұжырымдамаға сәйкес бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлықты төмендету факторы ретінде мемлекеттік қызмет көрсету түрлеріне цифрландыру жүйесі енгізілуде. Бұл жүйе қызмет көрсетудің ашықтығын қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға септігін тигізуде.
Акцияның мақсаты – қоғамда экологиялық жауапкершілікті арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту және үлгі болатын игі бастамаларды қолдау. Тұрғындар үшін демалыс орындарын көбейтіп, жайлы орта қалыптастыруға да септігі мол.