Шымқаланы гүл қалаға айналдыру жобасы жалғасуда. Қала аумағында көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Жалпы ұзындығы 54 шақырымды қамтитын 25 көшеде 500 мың м² аумаққа жаңа газон төселіп, автоматтандырылған суару жүйелері орнатылуда. Сонымен қатар, 14 500-ден астам бұта егіліп, жасыл желекті тұрақты суару үшін 33 су ұңғымасы бұрғыланған.


2025 жылы қала бойынша 152 мың түп ағаш қондырылған. Ал 2026 жылы көгалдандыру аясында 32 көшеге бұталар отырғызу, жаңадан салынған 6 көшені толық көгалдандыру, 4 000 ағаш егу, 16 су ұңғымасын бұрғылау жоспарланған. Абай ауданында бұрынғы қоқыс полигоны аумағында жаңа «Экопарк» салу жұмыстары басталыпты. Демеушілер есебінен 5 000 дана ірі ағаш отырғызылуда. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында қалада 6 жаңа гүлзардың құрылысы басталды, оның біреуі пайдалануға берілді. Қалалық жылыжайларда көпжылдық гүлдер өсіріліп, 2026 жылы қала көшелеріне 1,6 млн түп гүл отырғызу жоспарланған.


 ӘБІЛҚАЙЫР ОҢҒАР, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖАЙЛЫ ОРТАНЫ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Асар шағын ауданынан 1 гектар жылыжайды жалға алып, өзіміздің күшімізбен көпжылдық гүлдерді егіп жатырмыз. Бұл гүлдер келешекте қаладағы парктер мен скверлерге егілетін болады.