Конституция жобасын түсіндіруге арналған кездесулер жалғасуда. Шымкентке арнайы іссапармен келген ҚР Парламенті Сенатының депутаты Айгүл Қаппарова қаладағы Asia Trafo өндірістік кәсіпорнына барды. Жұмысшы мамандармен кездесіп, 15 наурызда өтетін референдумға шақырды.
Сенатор жұмысшыларға жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін, оның әлеуметтік-экономикалық бағдарларын түсіндірді. Алдағы референдумның ел болашағы жолындағы маңыздылығын атап өтті.
Жаңа Конституцияда еңбек адамдарына, жұмысшы мамандарға көрсетілетін қолдау шаралары қамтылған. Қызметкерлердің өндірістегі құқықтарын қорғау саласында да бірқатар өзгерістер бар.
Asia Trafo кәсіпорны жұмысшы мамандарға қолайлы еңбек жағдайын жасап, кәсіби біліктілігін арттыруға басымдық беріп келеді. Өндірістің дамуы жаңа жұмыс орындарының ашылуына және қаланың индустриялық әлеуетінің артуына ықпал етуде.