Еліміздегі жаңа заң жобасы қоғамның барлық саласына серпін береді. Мемлекет пен азамат арасындағы өзара жауапкершілікті жаңа деңгейге көтеруді көздейді. Жаңа Конституцияны түсіндіру бойынша қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек ғалымдармен жүздесті. Жұмабек Тәшенов университетінің ғылыми-сарапшылық қауымдастық өкілдерімен дөңгелек үстелде бас біріктірді.


 Конституцияның жаңа редакциясында Кіріспе бөлімі толығымен жаңадан жазылған. Онда Ұла даланың мыңжылдық тарихына сүйеніп, Ата Заңның негізгі мақсат-мұраттары айқындалды. Конституциялық реформа – бұл заң мәтінін өзгерту ғана емес, халықтың өмір сүру философиясын және мемлекет пен азамат арасындағы жаңа қоғамдық келісімді айқындайтын үдеріс.


ЗЛИХА ЖАНТАСОВА, ПРОФЕССОР Ф.Ғ.Д П

Конституцияны мерекелік күнде ғана еске алатындай көрінеміз. Шын мәнінде ол күнделікті өміріміздің тынысы. Ананың пейілінде, баланың білімге құштарлығында Ата заңның рухы бар.


Іс-шарада Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғыртуға бағытталған маңызды құжат жөнінде кеңірек әңгіме өрбітті. Жаңа редакциядағы Ата заң елімізде адам капиталын, білімді, ғылымды және инновацияны мемлекеттік қызметтің басты стратегиялық бағыты ретінде айқындайды. Сәрсен Абайұлы қазіргі жаһандық бәсеке мен әлемдік тұрақсыздық кезеңінде кез-келген елдің қуаты оның табиғи байлығымен емес, интеллектуалды әлеуеті, білім сапасы мен ғылыми жетістіктері арқылы өлшенетінін атап өтті.


 Қазіргі гендерлік саясат пен отбасылық құндылықтар тақырыбы – сырттан енген үрдіс емес, тарихи тәжірибемізбен үндес бағыт. Соңғы жылдары қазақстандық қоғам ауқымды өзгерістерді бастан өткеруде: цифрландыру, еңбек нарығының трансформациясы, урбанизация, жастардың дүниетанымының жаңаруы.


 ШҰҒЫЛА ИБРАХИМ, СТУДЕНТ
 Маған өте ұнаған өзгеріс – ол 21-ші баптағы цифрлық технологияларға байланысты. Біз бұрын өзіміздің құпияларымызды отбасымызбен, достарымызбен алмасқан хаттарымызды біреу таратып жібергенде неше түрлі оқиғалар болып жатады. Қоғамдағы интернет-буллинг. Дәл осы өзгерістің арқасында біз бұл нәрсені заңды деп танимыз. Өзімізді қорғай аламыз.


 Жиында мемлекеттік басқару моделін түбегейлі трансформациялауға бағытталған ережелер талқыланды. Заң шығарушы билік тармағын қайта жаңғыртып, оны Құрылтай ретінде қайта құру, Вице-президент институтын енгізу, сондай-ақ билік пен халық арасындағы тікелей диалог құралы ретінде Қазақстан Халық кеңесін құру мәселелері қаралды.