Елімізде Конституцияға енгізілген өзгерістерді халыққа түсіндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл жолы заң қызметкерлері еңбек ұжымымен кездесу өткізді.


Кездесу барысында мамандар жаңартылған Конституциядағы өзгерістер мен толықтырулардың негізгі бағыттарын түсіндірді. Жиынға қатысқан кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, Ата заңның қоғам өміріне ықпалы жөнінде пікір алмасты.


Жаңа Конституция жобасы әділетті әрі құқықтық мемлекет қалыптастыруды көздейді. Бұл жаңашылдық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жаңа деңгейге көтереді.


 Жиында еңбек ұжымдары арасында құқықтық мәдениетті арттырудың маңызы да атап өтілді. Айта кетейік, Конституцияны түсіндіру бойынша кездесулер өңірдегі түрлі еңбек ұжымдарында кезең-кезеңімен жалғасуда.