Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Испанияның «Aqualia» компаниясының өкілдерімен кездесті. Басқосуда өңірдің инвестициялық әлеуеті таныстырылып, ауыз су саласындағы өзара әріптестікті дамыту мәселелері талқыланды.


Кездесу барысында облыс әкімі Түркістан өңірінде инфрақұрылымды жаңғырту, елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар су ресурстарын тиімді басқару, заманауи технологияларды енгізу және халықаралық тәжірибені пайдалану маңызды екеніне тоқталды. «Aqualia» компаниясының Орталық Азия бойынша бас директоры Хосе Мигель Сантос Гонсалес су инфрақұрылымын жаңғырту жобалары туралы баяндады. Әріптестік орнатып, бірлесе жұмыс істеуге әзір екенін мәлімдеді.  Тараптар өңірдегі ауыз су жүйелерін жаңғырту, инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп іске асыру және инвестициялық ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін қарастырды. Кездесу қорытындысы бойынша алдағы уақытта нақты жобалар пысықталып, өзара тиімді әріптестік бағыттары айқындалатын болды.