Жүрек-қан тамырлары аурулары – әлем бойынша өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі. Соның ішінде артериялық гипертония (жоғары қан қысымы мен инфаркт аса қауіпті дерт саналады. Алайда дер кезінде алдын алу шараларын сақтау арқылы бұл қауіптің алдын алуға болады.


Қан қысымы – жүректің қанды тамырларға айдау күші. Қалыпты көрсеткіш шамамен 120/80 мм сын.бағ. деп есептеледі. Егер қысым ұзақ уақыт бойы 140/90-нан жоғары болса, бұл гипертония белгісі болуы мүмкін. Көп жағдайда адам еш белгі сезбейді, сондықтан қан қысымын тұрақты бақылау өте маңызды.


Инфаркт – жүрек бұлшықетіне қан жеткізетін тамырлардың бітелуі салдарынан туындайды. Бұған жоғары қан қысымы, артық салмақ, қант диабеті, темекі шегу және дұрыс тамақтанбау әсер етеді. Күніне кемінде 30 минут жаяу жүру немесе жеңіл жаттығу жасау қан айналымын жақсартады. Артық салмақ жүрекке қосымша күш түсіреді. Калория тапшылығын дұрыс ұйымдастырып, жүйелі тамақтану жүрек денсаулығына оң әсер етеді.


 Ұйқының жеткілікті болуы, тыныс алу жаттығулары, демалыс – қан қысымын тұрақтандыруға көмектеседі. Темекі мен алкоголь қан тамырларын тарылтып, инфаркт қаупін арттырады. Қан қысымын бақылау – инфаркттың алдын алудың ең тиімді жолы. Дұрыс тамақтану, қозғалыс, салмақты реттеу және күйзелісті басқару арқылы жүрек саулығын сақтауға болады. Денсаулық – ең қымбат байлық, оны бүгіннен бастап қорғау маңызды.