Түркістанда инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Жиында өңірге инвестиция тарту, инвестициялық ахуалды жақсарту және жаңа жобаларды жүйелі сүйемелдеу мәселелері кеңінен талқыланды.
Күн тәртібінде екі негізгі мәселе қаралды. Штаб отырысында облыс аумағында жүзеге асып жатқан инвестициялық жобалардың қазіргі жағдайы мен 2025 жылғы форум аясында шетелдік инвесторлармен жүргізілген келіссөздердің орындалу барысы талқыланды. Жиында Ордабасы, Түлкібас, Созақ және Қазығұрт аудандарында «Саутс Ойл» серіктестігіне қарасты компаниялар тобы жүзеге асырып жатқан бірқатар ірі жобалар таныстырылды. Атап айтқанда, мұнай өңдеу зауытының І және ІІ кезеңі, Састөбе инновациялық кешені, Өгем өзеніндегі ГЭС каскады бар су құбыры, фосфорит рудаларын өңдеу зауыты және газ электр станциясының құрылысы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды. Өңір басшысы инвесторлардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Осы бағыттағы тірлікті жүргізе алмай отырған аудан, қала әкімдері мен инфрақұрылымға жауапты мекеме өкілдеріне жұмысты ширатуды тапсырды.
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдерінің жұмыс көрсеткіші ең алдымен инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын ашумен сараланады. Жұмысты ширатып, инвестициялық жобаларды сүймелдеу керек. Кәсіпкерлікке қолдау көрсету жалғасады. Екіншіден, барлық аудан, қаладағы өндірістік алаңдарды зерделеп шығыңыздар. Индустриалды аймақтардан жерді алып, жобасын мүлдем бастамай отырған инвесторлардан жер мемлекетке қайтарылып, басқа кәсіпкерлерге ұсынылады.