Әлеуметтік желілерде 1 наурыздан бастап жекеменшік балабақшалар қызмет көрсету ақысын күрт көтеретіні жайында ақпарат тарады.

Мұның себебі – мемлекеттік тапсырыс уақытының ұзартылмауы және субсидияның тоқтатылуы, делінген хабарламада. Алайда қала әкімінің орынбасары, әкімдіктің ресми өкілі Сәрсен Құранбек ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Арнайы баспасөз отырысын ұйымдастырып, мәселені егжей-тегжейлі түсіндірді.