Жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін халыққа кең көлемде ақпараттық түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Осы орайда Парламент Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова «AMANAT» партиясындағы коалиция мүшелерімен бірлесе бірқатар кездеу өткізді. Еңбек ұжымдарымен өткен жиында жаңа Ата заң жобасының негізгі бағыттары жан-жақты түсіндірілді.  

 Сенатор Нұрлан Бекназаров өңірге іссапары барысында «АГФ» тігін фабрикасының ұжымымен кездесті. Депутат жүздесуде жария етілген конституциялық өзгерістер әлеуметтік салаға, еңбек кепілдіктеріне және азаматтардың құқықтарын қорғауға қалай әсер ететіні туралы айтты. Сондай-ақ, халық қалаулысы ұсынылған өзгерістер құқықтық мемле¬кетті нығайтуға және азаматтардың билік институттарына деген сенімін арт-тыруға бағытталғанын атап өтті.   

 НҰРЛАН БЕКНАЗАРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Халыққа жеткізу үшін елді аралап, жастармен, ардагерлермен, жұмыс күші өкілдерімен кездесу өткізіп жатырмыз. Жалпы екі апта көлемінде осындай кездесулерде барлық азаматтарымыз толықтай жаңа Конституция мәтінін оқыған, өйткені оқылуға ыңғайлы, жеңіл, түсінікті етіп жазылғанын айтады. Осындай баға беріп жатыр. Бұл біріншіден, ал екіншіден ондағы жазылған мәселелердің мағынасын, бағытын айқын түсініп отыр.

 Ал, депутат Айгүл Қапбарова «AMANAT» партиясындағы коалиция мүшелерімен бірге коммуналдық шаруашылық қызметкерлері және Дендросаябақ ұжымымен кездесті. Сенатор жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін түсіндіріп, ол нақты өзгерістер туралы емес, еліміздің одан әрі дамуын айқындайтын страте¬гиялық құжат екенін жеткізді.

АЙГҮЛ ҚАПБАРОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Азаматтардың жалпы мынау жаңа Конституция жобасына деген көзқарасы жақсы. Азаматтар оны оқып, түсініп, ой елегінен өткізген көпшілігі.Жалпы жаңа жоба бүгінгі заман талаптарына сай деп азаматтар түсініп жатыр. Және 15-ші наурызда көпшілігі өздерінің азаматтық позициясын білдіріп, таңдау жасайтыны айтып жатыр. Жалпы Шымкент қаласының халқы саяси мәдениеті жоғары және белсенділігі де жоғары деп білемін. 

Сенат депутаттары сондай-ақ алдағы 15 наурызда өтетін республикалық референдумның мақсаты мен маңызына тоқталып, бұл еліміздің одан әрі құқықтық болашағын айқындаудағы маңызды кезең екенін айтты.