Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй алу тізімінде жалпы 92 771 азамат тіркелген. Жыл соңына дейін тұрғын үй кезегінде тіркелген 1 529 азаматқа жалдамалы пәтермен қамту жоспарлануда. Бүгінгі таңда 425 азаматпен жалдау шарты рәсімделді.
2025 жылдың 24 мамырынан бастап жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандардың ағымдағы базасы «Отбасы Банкі» АҚ-ға өтті. Ол орталықтандырылған түрде тұрғын үйді есепке алуды, қоюды және бөлуді жүзеге асырады. Пәтерлерді бөлу жұмыстары қолданыстағы Заң талаптары мен Ережеге сәйкес кезең-кезеңімен жүргізілуде.
КӨПЖАН ТӨЛЕБАЕВ, ТҰРҒЫН ҮЙ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ
Биыл 2026 жылға тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 1 529 пәтермен қамту жоспарланған. Жыл басынан бері 425 пәтер берілген. Әлеуметтік осал топ санатындағы азаматтар қамтылып отыр.
Жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығысыз тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыс атқарылған. 2020–2024 жылдары 3 849 жас тұрғын үймен қамтылған. «Жастар» бағдарламасы аясында 2025 жылы мерзімі аяқталған 890 пәтердің 618-і босатылып, коммуналдық меншікке қайтарылды.
КӨПЖАН ТӨЛЕБАЕВ, ТҰРҒЫН ҮЙ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ
Қалған 272 пәтерді босату бойынша сот органдарында талап арыздар түсіріліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. 258 пәтер бойынша сот шешімдері шығарылған (заңды күшіне енбеген), 14 іс сот қарауында.
2025 жылы арендалық пәтерді жалдау ақысынан берешегі бар 2 000-ға жуық азаматқа хабарлама жолданып, берешектер өндірілді. Нәтижесінде қала бюджетіне 1 млрд теңгеден астам қаржы түсті. Мониторинг нәтижесінде 45 көпқабатты тұрғын үй тексеріліп, 65 азаматқа ескерту беріліп, мәселелер қалпына келтірілді.