1. Түркістанда «Жаңа Конституция – ел болашағы!» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Жиында қатысушылар республикалық референдумға шығарылған жаңа Ата заң жобасының маңыздылығына жан-жақты тоқталды.

  2. Атап айтқанда, адам құқықтары мен бостандықтарының нақты айқындалуы, олардың орындалуына берілетін кепілдіктер, Конституцияға енгізілген жаңа құқықтық нормалар кеңінен сөз болды. Спикерлер жаңа Конституция – еліміздің болашағы үшін, мемлекетіміздің тұрақты дамуы мен өркендеуі үшін, сондай-ақ ел бірлігі мен ынтымағын, татулық пен достық қарым-қатынасты сақтау және нығайту жолындағы аса маңызды құжат екендігін атап өтті. Іс-шараға Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени қоғамдық бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, Ассамблея құрылымдарының өкілдері, «Ассамблея жастары» РҚБ мүшелері, студенттік Ассамблея өкілдері, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Кездесу соңында қатысушылар азаматтарды референдум учаскелеріне келіп, өз еріктерімен жаңа Конституцияны қолдап дауыс беру арқылы азаматтық белсенділік танытуға шақырды.