Шымкент қаласындағы №89 ІТ мектеп-лицейінде «Ел тарихы – ұрпаққа мұра» атты тағылымды кездесу өтті. Іс-шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, жасөспірімдерге рухани-патриоттық тәрбие беруді мақсат етті.


ӘНЕЛ ӘЛІМБЕКҚЫЗЫ,ТІЛШІ
Тарихты танып, өткенге тағзым ету – ұрпақ санасын қалыптастырудың маңызды тетігі. Осы мақсатта ұйымдастырылған жиын барысында ел ағаларымен кездесу өтіп, «Соңғы көш» деректі фильмінің тұсаукесері ұсынылды. Фильм туған жер тарихы мен ел жадында сақталған тағдырлы оқиғаларды арқау етеді. Кездесуге Қазақстанның халық әртісі, режиссер Талғат Теменов, «Ақ Ордасы» корпорациясының директоры Ибадулла Қалыбеков, сондай-ақ Асар мөлтекауданының төбе биі Тойлыбай Құлметов қатысты. Қонақтар жас ұрпаққа ел тарихын құрметтеу, ұлттық құндылықтарды сақтау және отансүйгіштік қасиеттерді дәріптеу жөнінде ой бөлісті.


Шара барысында оқушылар деректі фильмді тамашалап, өз пікірлерін білдірді. Кеш соңында ақсақалдың батасымен қорытындыланды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер өскелең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, елге деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.


НҰРЖАМАЛ ҚОЖБАНОВА, №89 ІТ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
 Биыл 2025 -2026 оқу  жылдарда «Адал азамат біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында оқушыларға өзіміздің ел тарихы туралы, еліміздің құндылықтары туралы түрлі пікірлер айту үшін, түрлі ұсыныстармен осы соңғы көш фильмімен танысқалы отыр.Бұл фильм негізі осы Асар елді мекенінін 2009 жылдан бүгінгі күнге дейінгібарлығы осы тарихта бар


Ұрпақтың өткенін тануы – болашағын дұрыс бағдарлауының кепілі. Осындай тағылымды кездесулер арқылы тарих тек дерек ретінде емес, жүрекке жететін рухани сабақ ретінде қабылданады.