«Diamond Plaza» сауда орталығында «Майор Мырза» сериалының жанкүйерлерімен кездесу өтті. Кеш барысында актерлермен еркін форматтағы сұхбат ұйымдастырылып, жобаның екінші маусымының шығу мерзімі жарияланды. Толығырақ тілшіміз баяндайды.


 Қазақстандық онлайн-контент жаңа деңгейге көтерілуде. «Unico Play» платформасындағы «Майор Мырза» сериалы көрермен ықыласына ие болған жобалардың бірі. Сюжет желісі өзін полиция майорымын деп таныстырған қылмыскердің тағдыры төңірегінде өрбиді. Ол шағын қаладағы бөлімді басқарып, заңды өз ережесімен орнатуға тырысады. Алайда өткен өмірі қайта алдынан шығып, жалған бейнесі әшкере бола бастайды.


НЫШАНБЕК ЖҰБАНАЕВ, АКТЕР
 Бүкіл менің осы уақытқа дейін жасаған жұмыстарымның ішінде, жалпы образдардың ішінде мен оны майор мырза, Талғат Қылиды актер ретінде, Нышанбек ретінде емес адам ретінде кейіпкерімді жақсы көремін.


 Кешті «Unico Play» онлайн кинотеатры ұйымдастырды. Жоба командасы жаңа маусымнан үзінділер қамтылған тизерді ұсынып, екінші маусымның наурыз айында жарыққа шығатынын ресми түрде мәлімдеді.


БЕКСҰЛТАН ҚАЗЫБЕК, ПРОДЮСЕР
 Былайша айтқанда екінші маусым бізде дайын тұр. Бұйырса наурыз айында шығады. Көрермендердің көңілінен шығады деп енді ойлаймыз.Өйткен, бізде екінші маусымда жаңа кейіпкерлер бар. Талғат Қылидың оқиғасы жаңа қырынан ашылады деп ойлаймыз.


 Аймақтық медиа нарық үшін мұндай офлайн кездесулердің маңызы артып келеді. Онлайн-платформалар жобаларын тек экран арқылы емес, көрерменмен тікелей байланыс орнату арқылы дамытуды көздейді.