Шымкентте «Auyl Jastary» республикалық жастар қанатының бастамасымен семинар ұйымдастырылды. Цифрландыру және жасанды интеллект тақырыбын өзек еткен жиынға жоғары оқу орнында білім алып жүрген студенттер қатысты.


 Жиын жаңа Конституция жобасын түсіндіруге бағытталды. Семинар барысында жастарға цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы соңғы жаңалықтар таныстырылды. Қатысушылар кәсіпкерлік идеялары мен стартап жобаларын ұсынып, тәжірибелік кеңес алды.


НҰРХАТ ОРАШ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ ОРТАЛЫҚ АППАРАТ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бүгінгі жиындағы өзекті тақырып – жастарға жасанды интеллекті меңгерту болып табылады. Бұдан бөлек, жаңа Ата Заң жобасын да ашық талқылап, өз пікірімізді ортаға салдық.


Басқосуда цифрландыру, жасанды интеллект тақырыптары талқыға түсті. Қатысушылар Жаңа Конституция мен өз бастамаларын жүзеге асыру жолдарын қарастырды. Киберқауіпсіздік, жасанды интеллекті кәсіпте қолдану аясында сараптамалық баяндамалар ұсынылды.


 ГҮЛНАР ЖАНАРЫСҚЫЗЫ, Ө.ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ СТУДЕНТІ
Қазір жасанды интеллект дәуірі. Жаңа технологиямен жіті танысу маңызды деп ойлаймын. Бүгінгі семинарда осы тақырыптар кеңінен қамтылды.


Шарада білім алушылар өзара сынға түсіп, кіл мықтыдан кім мықтыны анықтады. Семинар соңында белсенді қатысушылар Алғыс хатпен марапатталды.