Шымкентте есірткі жарнамасын тұрғын үй қабырғасына жазып, оны сататын интернет-ресурстарға сілтеме жасаған ер адам ұсталды.
Тергеу мәліметінше, ол қаңтар айынан бері қала аумағында нарко-граффити салып, мессенджерлердегі есірткі тарату арналарына жарнама жасап келген. Күдікті кезекті жазбаны қалдыру кезінде қылмыс үстінде ұсталып, қамауға алынған. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.