Арақ-шарап ішпейтін ауылда 5 жылдан бері бірде-бір қылмыс тіркелмеген. POLISIA.KZ-тің хабарлауынша, Түркістан облысында орналасқан «Серт» атты шағын ауылда небәрі 900-ге жуық адам тұрады.


Олар 5 жыл бұрын өзара келісімге келіп, алкоголь сатудан және тұтынудан бас тартқан. Нәтижесінде елді-мекенде ұрлық, әлімжеттік, бас араздық сынды құқықбұзушылықтар тоқтатылған. Полицейлердің айтуынша, қылмыстың деректерінің басым бөлігі мас күйде жасалады. Осы орайда ішімдіктен бас тартқан Серт ауылы – бірлік пен ортақ жауапкершіліктің үлгісі болып табылады деп желі қолданушылары атап көрсетеді.