Оқушылар робот құрастырып жарысты. AUZHAN KTL лицейінде өткен инженерлік сайысқа 6 мен 16 жас аралығындағы жас шәкірттер қатысқан. Олар арнайы бағдарлама әзірлеп, түрлі бағытта жұмыс істейтін роботтарды жасап шықты. Темір тілін игерген дарындар жайында тілші әңгімелейді.


Сайыста балалар роботқа арналған арнайы бағдарлама жазып, оны жылдам құрастыру дағдысын сынады. Одан кейін құрастырған құрылғыны жарыстырып, жылдамдығын тексерді. Әділқазылар туындының сапасына, креативтілігіне мән берді.


АБЗАЛ АЛИБЕКОВ, ROBOPARK РОБОТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
 – «Жарыстың негізгі мақсаты балалардың бос уақытын тиімді пайдалану. Интеллектісін дамыту. Телефонға кіріп кеткен балалар көп. Біз соларды дамытамыз.»


 Республикалық деңгейде өткен жарысқа Алматы, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Астана қалаларынан қатысушылар келген. Олар өзара бақ сынасып, кім мықтыны анықтады. Мамандардың айтуынша, бұл тәжірибе алмасуға, тың идеяларды игеруге жол ашады. Балалардың қызығушылығы артып, технология тілін меңгеруге деген құлшынысы еселенеді.


МЕЙІРЖАН ӘБДІАЗИМОВ, ОҚУШЫ
– «Мен болашақты Аити маманы болып, жасанды интеллект жасағым келеді.»  «Адамдарды алаяқтардан қорғайтын роботтарды жасағым келеді.»
 
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы кубоктармен және медальдармен марапатталды.