Бурабайда орналасқан «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында ХХІ «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсы өтті.


Еліміздің барлық өңірінен жиналған 324 оқушы қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша білім сайысына қатысты. 2–7 сынып оқушылары 260 жобаны таныстырып, ғылыми ізденісі мен шығармашылық қабілеттері негізінде тың идеяларын ұсынды, өзекті мәселелерге ғылыми тұрғыда талдау жасады. Байқау қорытындысы бойынша Шымкент қаласының оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындар мен грамоталарға ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ҚР Оқу-ағарту министрлігінің дипломдары және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамоталары табысталды.