Бүгін үшінші мегаполисте «Бақытты әйел» жобасының қорытынды кеші өтті. Отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған шара қалалық Жастар саясаты басқармасының бастамасымен ұйымдастырылды.


Бағдарлама шеңберінде бірнеше ай бойы кең ауқымды жұмыстар жүргізілді. Қаланың әр ауданында 20-дан астам семинар-тренинг ұйымдастырылып, нәзік жандыларға кәсіби көмек көрсетілді. Зорлық-зомбылық құрбаны болған 100-ден астам әйел заңгерлік кеңес алды.


АҚБОТА ОСПАН, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР САЯСАТЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ М.У.А.
 Биылғы жылы Шымкентте жәрдем алатын әйелдердің саны азайған. Нәзік жандылар жұмыспен қамтылып келеді. Тіпті, жұмыс істеуге деген құлшынысы мен қабілеті де артқан.


Жоба аясында жастарға арналған 10 минуттық қысқаметражды бейнефильм түсірілді. Сонымен қатар, шаһардағы LED-экрандарда жобаға қатысты ақпараттық бейнероликтер көрсетіліп, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


ҒАЛИЯ АЙЫМБЕТОВА, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ
Іс-шараға көптен бері қатысып келе жатырмыз. Қазіргі таңда аналардың жастарға берер тәлімі мен тәрбиесі жастарға қажет деп ойлаймын.


 Қорытынды кеште арнайы әзірленген бейнефильм көрермен назарына ұсынылып, жоба қатысушылары сәндік дефиле көрсетті. Сондай-ақ, спикерлер бағдарлама жұмысының қоғам үшін маңыздылығын атап өтті.