Бүгін Шымкенттен бір топ қоныс аударушы солтүстікке аттанды. Бірінші лекпен 65 отбасы Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облысына кетіп барады. Енді олар тұрақты жұмыспен және арнайы баспанамен қамтылады. Бұл туралы «Ұлы Көш» қоғамдық ұйымының төрайымы айтты. Мегаполистен шыққалы тұрған көштің жағдайын әріпесім де сұрап білген еді, сюжеттен көрейік.
Халқы тығыз орналасқан оңтүстік өңірлерден жұмыс күші тапшы солтүстік аймақтарға қоныс аудару – мемлекет үшін стратегиялық маңызды қадам. Жыл сайын жүздеген отбасы жаңа өмірді Солтүстіктен бастап, мемлекет тарапынан ұсынылған тұрғын үймен, жұмыс орындарымен қамтамасыз етіліп жатыр. Бұл тек көші-қон емес, болашаққа жасалған сенімді қадам. Жаңа орта, жаңа мүмкіндік, тұрақты өмір дейді мәслихат депутаты Жаңабек Ағабек.
ЖАҢАБЕК АҒАБЕК, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ
Барған азаматтар үлкен жетістікке жетіп, әр ауданда шаруа қожалығын ашып және де бизнесін ашып үлкен жетістікке жетіп жатыр
Тұрғылықты жерін тастап, өзге өңірлерге мемлекеттен берілетін бірнеше жеңілдік бар. Мысалы, көшіп қону үшін әр отбасы мүшесіне 275 240 тг, 58 980 теңгеден 117 960 теңгеге дейін субсидия беріледі. Сондай-ақ баспана сатып алу үшін сертификаттар қарастырылған. Бұл тұрғын үй ақысының 50%-ын жабады, бірақ ол 1 160 АЕК-тен немесе 4 561 120 теңгеден көп болмауы керек. Бұған қоса қоныстанушыларға көмек берген жұмыс берушілерге де 1 572 800 тг көлемінде субсидия беріледі. Бірақ, бір шарты бар:
АҚЛИМА ЕРТАЙҚЫЗЫ, ҰЛЫ КӨШ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ
Келісім шарт талаптары 5 жылға жетпей ол кісілер бері қарай қайтып кетпеу керек, сосын шоттары бұғатта болмау қажет. Болған күндеде спесчот деген болат спесчот арқылы беріліп отырған кбота спесчотқа түседі
Шымкенттен шыққан ұлы көшке осы айтылған талаптар толығымен түсіндірілген. Олар өз шешімдерін қабылдап, Солтүстікте тұрмыс-тіршілігін түземек ниетте. Жалпы, оңтүстіктен 116 отбасы көшуге өтініш білдірген, әзірге соның 65-і қоныс аударып отыр.