Шаһарда «Қызмет алушылар күні» болып өтті. Шараны Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілдері ұйымдастырды. Ел бойынша бір мезетте өткен акцияға бірқатар басқармалар қатысып, тұрғындарға кеңес берді.
Шымкенттік тұрғын Нұрлыбек Есмахан жеке кәсіп иесі. Бизнесін дамытқысы келеді. Бірақ, ісін алға бастыра алмай жүр. Мемлекеттен берілетін несие, салық жүйесіндегі жеңілдіктер сынды қолдаулардың барын бұрын білмепті. Осы маңнан өтіп бара жатып, көкейде жүрген сұрақтарына жауап алды.
НҰРЛЫБЕК ЕСМАХАН, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Кәсіп ашқанмын ғой. Соған мемлекеттен қандай» көмектер бар соны сұрадым. Мамандар сұрақтарымның бәріне жауап беріп, керекті кеңесткерін аямай жатыр. Рахмет
Қазір кәсіпкерлер үшін тиімді бағдарламалар көп. Соның ең негізгісі — әлеуметтік салалар үшін мемлекеттік гранттар тағайындау. Былтыр осы бағытта 30 кәсіпкерге қайтарымсыз гранттар үлестірілді. Басқарма мамандары тұрғындарға осы жағын жіті түсіндірді.
КЕРЕМЕТ ЖАДЫҒҰЛ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түр түрі бар. Солардың кекйбірін тұрғындар электронды түрде алуларына болады. Ол үшін арнайы реестрлер жұмыс істейді.
Аталған іс-шараға салық органдары, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, халыққа қызмет көрсету орталығы және Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасының тиісті сала мамандары қатысты. Олар қызмет алушыларға ережелерді түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық қажеттіліктерді де назарға алды.
АРСЕН СЕЙІТҚҰЛОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Салық органдарынан біраз мамандарды алып келдік. Кірістер басқармасының мамандарына айналасы бір сағаттың ішінде 10 даған тұрғын келіп, кеңес алды.
Халықпен тығыз байланыс орнату — басты мақсатымыз, дейді агенттік өкілдері. Шымкенттің жергілікті атқарушы билігі 15 млн-нан астам қызмет түрін көрсеткен. Соның 98 пайызы электронды түрде қолжетімді болған.
ДАНИЯР ЖАНЫСБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Осындай шаралар бүшін еліміздің барлық қалаларында өтіп жатыр. Бұл жолы біз салық пен кәсіпкерлік саласына басымдық беріп отырмыз.
Шара барысында жүздеген азаматқа нақты көмек көрсетіліп, құқықтық кеңестер берілді.