Шымкентте «Жылу желілерін цифрландыру: диагностика және жасанды интеллект» тақырыбында семинар-кеңес өтіп жатыр. Іс-шараға министрлік өкілдері, өңірлік басқармалар, сарапшылар мен IT-мамандар қатысып, жылу жүйесіне цифрлық технологияларды енгізу тәжірибесін талқылады.


Жиында Энергетика министрлігі саланы кешенді цифрландыру Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асып жатқанын атап өтті. Бүгінде EnergyTech бірыңғай платформасы құрылып, жасанды интеллект бағытында 45 жоба іске асырылуда. Олардың нәтижесінде өндірістік апаттар 78 пайызға азайып, газ тұтынуды болжау дәлдігі 86 пайызға жеткен. Ал жылу желілерін жөндеу шығыны 75 пайызға дейін қысқарған. Сондай-ақ мамандар құбырларды қазбай-ақ тексеруге мүмкіндік беретін роботтандырылған диагностика жүйесін таныстырды. Бұл технология ақауларды миллиметрлік дәлдікпен анықтап, жөндеу жұмыстарын едәуір жеңілдетеді.


 ЕРЖАН ҚОШҚАРОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІ ЦИФРЛАНДЫРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Жасанды интелект арқылы құбыр ішіне жүргізі маңызды жобалардың бірі. Семинардың басты міндеті көрме арқылы өтуде, жасаған жұмыстарды көрсету маңызды.