Шымкентте жергілікті кондитерлерге арналған халықаралық шеберлік сабағы өтті. Шетелдік тәжірибелі шеф-кондитерлер тәттілер мен десерттерді дайындаудың заманауи технологияларын үйретті.
Шара Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен серіктес компанияның қолдауымен ұйымдастырылды. Оған Шымкент қаласы мен Түркістан облысынан келген 150-ге жуық кондитер маманы қатысты. Мамандардың айтуынша, бұл бастама тек тәтті дайындауды үйрету емес, сонымен қатар кәсіпкерлікті дамыту, қаржылық сауаттылықты арттыру және адал табыс табуға жол ашуға бағытталған. Шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алынған білім қатысушыларға өз кәсібін ашып, үй жағдайында да табыс табуға жол ашады.
АРУЖАН ӘЛЖАН, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ
«Шеберлік сабағының мақсаты – қаржы пирамидаларының алдын алу. Жеңіл табысқа алданбау үшін азаматтарға нақты кәсіптік дағдылар үйретіп жатырмыз. Шетелдік мамандар тәжірибесімен бөлісіп, қатысушыларға өз ісін бастауға мүмкіндік береді.»